Балалардың жазғы демалысы: сауықтыру орталықтарындағы қауіпсіздік талаптары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуды талап етеді. Негізгі мақсат — жұқпалы аурулардың алдын алу және балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдай жасау.
 
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балаларды сауықтыру ұйымдарын дайындау жұмыстары белгіленген санитариялық талаптарға сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
 
Жазғы маусым басталар алдында міндетті түрде:
• ғимараттар жөнделіп, аумақ абаттандырылады;
• инженерлік желілер тексеріліп, қажет болған жағдайда жөнделеді;
• сумен жабдықтау жүйелері жуылып, залалсыздандырылады және ауыз су сапасы зертханалық бақылаудан өтеді;
• дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізіледі;
• қызметкерлер міндетті медициналық тексеруден өтеді.
 
Сонымен қатар ұйымдарда өндірістік бақылау қамтамасыз етіліп, ол зертханалық зерттеулер мен балалардың болу жағдайларын тұрақты бақылауды қамтиды.
 
Балаларды сауықтыру орталықтары эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандар қатарына жатады және олардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
 
Аталған құжатты алу үшін су сапасы, топырақ пен құмның жағдайы, үй-жайлардағы микроклимат пен жарықтандыру деңгейі секілді көрсеткіштер бойынша міндетті зерттеулер жүргізіледі.
 
Барлық зертханалық зерттеулер аккредиттелген зертханаларда жүзеге асырылады.
Санитариялық талаптарды сақтау — балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысының кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1200362?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді