Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 “Қазақстан балалары” тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде “Tерезе – SAFE” ауқымды ақпараттық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалар 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр.

 Науқанның  негізгі элементі- әр отбасының күнделікті өміріне “Қауіпсіздік минуты” ережесін енгізу. Ережеге сәйкес ата-аналар күн сайын үй ішін қысқаша тексеріп шығу әдетін қалыптастыруы керек. Тексеру кезінде терезе бұғаттағыштарының беріктігіне және терезе алдында бала шығып кететін жиһаздың тұрмауына баса назар аудару қажет. Басты мақсат – әрбір ата-ананың бойында тұрмыстық қауіпсіздік дағдысын қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bala-ququg/press/news/details/1200301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді