Еліміздің жоғары оқу орындары ОДМ іске асыруға белсенді қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі БҰҰ Елдік командасының қолдауымен Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел шеңберінде жоғары оқу орындарының Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға қатысу мәселесі, сондай-ақ ЖОО-лардың елдің орнықты дамуына қосқан үлесін күшейту бойынша ұсынымдар әзірлеу талқыланды.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, жоғары оқу орындарының басшылары қатысқан талқылау барысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев кіріспе сөз сөйледі.

Вице-министр өз сөзінде жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін және қазақстандық ЖОО-лардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін атап өтті. Халықаралық тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, спикер сонымен қатар университеттер ОДМ-ны өңірлік деңгейде жергіліктендірудің негізгі драйверлері бола алатынын атап өтті.

Дөңгелек үстел шеңберінде Орнықты даму қағидаттарын білім беру процесіне интеграциялау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамудың өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми және әлеуметтік бастамаларды іске асыру бойынша ЖОО-лардың практикалық тәсілдері мен тәжірибесі ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекет пен ЖОО арасындағы үйлестіруді күшейту, ОДМ-ға қол жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулерді қолдау, орнықты даму саласындағы білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Жүргізілген диалог жоғары оқу орындарының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін күшейту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және студенттердің сұранысқа ие құзыретін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1200612?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді