Есіл тұрғындарына арналған жадынама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📢 Құрметті Есіл қаласының тұрғындары!

«Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қала тұрғындарын, кәсіпорындарын, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы ұйымдарды үй маңындағы және іргелес аумақтардың тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге шақырады.

Ақмола облысының елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар:
• іргелес аумақтарды таза және тәртіпте ұстауға;
• қоқысқа жол бермеуге;
• қоқыстарды, жапырақтарды және басқа да қалдықтарды жинауды уақтылы жүзеге асыруға міндетті.

📌 Өткізілетін іс-шаралар шеңберінде:
• аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын жинауды ұйымдастыру;
• аумақты қоқыстан және құрғақ өсімдіктерден тазарту;
• кіреберістер мен кіру топтарын ретке келтіру;
• жалпықалалық сенбіліктерге қатысу;
• қалдықтарды жинау мен шығарудың белгіленген ережелерін сақтауға қажет.

⚠️️ Назар аударыңыз: Абаттандыру Қағидаларының талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Абаттандыру мәселесіне тиісті жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.

Есіл қаласы әкімінің аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-esil/press/news/details/1200205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді