Маңғыстау ауданында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Б. Берикбаевтың төрағалығымен қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері арасында апталық жиналыс өтті.

Жиын барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, қызметкерлердің қызметтік тәртібі, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті және заң талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Полиция майоры Б. Берикбаев жеке құрамға алдағы кезеңге қойылған міндеттерді нақтылап, әр қызметкерге жүктелген жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны жеткізілді.

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1200875?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді