
Облыс прокуроры Серікқали Күшәлиевтің төрағалығымен азаматтардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында конституциялық құқықтарының сақталу жай-күйіне арналған алқа отырысы өткізілді.
Алқа жұмысына сот органдарының төрағалары, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.
Күн тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азаматтардың конституциялық құқықтарына тікелей әсер ететін тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қаралды.
Анықталғандай, 2025 жылдың қорытындысы бойынша соттарға процессуалдық әрекеттерді санкциялау туралы 3 697 өтінішхат жолданып, оның 88,2%-ы қанағаттандырылған.
Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 84,6%-ды құрады.
Алқа барысында бұлтартпау шараларын қолдану, оның ішінде күзетпен ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бірқатар жағдайларда қамауға алу санкциясын беруден бас тарту тергеу органдары ұсынған өтінішхаттардың жеткілікті дәрежеде негізделмеуімен байланысты екендігі атап өтілді.
Сондай-ақ, тінту және алу әрекеттерін жүргізу кезінде заң талаптарының сақталуына жеке назар аударылды. Өтінішхаттардың қанағаттандырылу деңгейі жоғары болғанына қарамастан, процессуалдық құжаттарды ресімдеуде формализмге жол беру және заң талаптарын сақтамау фактілері анықталған.
Сонымен қатар баламалы бұлтартпау шараларын қолдану бағытында оң динамика байқалады.
2026 жылы үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы барлық өтінішхаттар соттармен қанағаттандырылған.
«Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету – формальды талап емес, қылмыстық процестің іргелі қағидаты. Әрбір құқық бұзушылық фактісіне қағидатты құқықтық баға беріліп, оларды тәжірибеден түбегейлі жою қамтамасыз етілуі тиіс», – деп атап өтті облыс прокуроры.
Отырыстың қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыруға, қылмыстық процестің үш буынды моделi шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар бекітілді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1200559?lang=kk

Жауап қалдыру