Маңызды! ҚР азаматтарының Аустралияға туристік виза бойынша кіруіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сингапур Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігі Австралияның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының визаларының күшін жою жағдайлары жиілеп отырғанын хабарлайды.

Бұл шаралар қысқа мерзімді Visitor (Subclass 600) визасымен келетін тұлғаларға қатысты көші-қон бақылауының күшеюіне байланысты енгізілуде. Елшілік аталған санаттағы визаның жұмыс істеуге құқық бермейтінін және мұндай әрекеттердің Австралия заңнамасын тікелей бұзу болып саналатынын ескертеді.

Сапардың туристік мақсатын растай алмаған жағдайда (қайтар билетінің, қонақүй броньдарының және жеткілікті қаржылық қаражаттың болуын қоса алғанда) визалар шекарадан өту барысында бірден күшін жояды, азаматтар депортацияланады (қажет болған жағдайда арнайы орындарға уақытша орналастырылады, оның ішінде қол кісен қолданылуы мүмкін), сондай-ақ үш жыл және одан да ұзақ мерзімге елге кіруге тыйым салынады.

Құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер халықаралық дерекқорларға енгізіледі, бұл өзге мемлекеттердің визаларын алуына шектеулерге әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, жалған мәліметтер негізінде Австралия визаларын рәсімдеуге жәрдемдесетін ұйымдасқан әрекеттер Австралия заңнамасына сәйкес құқық бұзушылық болып саналып, ауыр құқықтық салдарға, оның ішінде 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкелуі мүмкін.

Елшілік Қазақстан Республикасы азаматтарын визалық режим талаптарын қатаң сақтауға, Австралия заңнамасын бұлжытпай орындауға және заңсыз әрекеттерге тартылудан сақ болуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-singapore/press/news/details/1200416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді