
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы С. Дүйсенбай, №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бөлім бас маманы Г. Байжигитова, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы С. Ситалиева және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Г.Абдыкалыкова 13.04.2026ж. «Қызылорда қаласындағы Мүгедектерге арналған оңалту орталығында» қызмет алушылармен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында уәкілетті органдардың өкілдері азаматтардың зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін тағайындауға, мүгедектік белгілеуге және мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты сұрақтарына түсіндірмелер жасалып, кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1200753?lang=kk

Жауап қалдыру