Мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша ашық есік күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бірлік «Ақмола облысының мүгедектер одағы» ЗТБ базасында мүгедек адамдарды қолдау мәселелеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шараға Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы              Ш.С. Рахматуллина,  Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Шиманский В.Л., сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет басқармаларының өкілдері, Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері және аудан әкімдерінің кеңесшілері қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Талқылау барысында қолжетімді орта құру, оңалту қызметтерін алу, мәдени, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ мүгедек адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Іс-шара барысында қойылған сұрақтарға жауаптар алынды, болашаққа жоспарлар белгіленді, сондай-ақ мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Мұндай кездесулер одан әрі жүйелі және тұрақты өзгерістер үшін негіз құра отырып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1200597?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді