
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Дархан Марденұлы Хайруллин Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Дархан Хайруллин Омбы қаласының тумасы.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін,«Әділет» жоғары құқық мектебін агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы «экономика және менеджмент» және «заңгер» мамандықтары бойынша тамамдаған.
Әр жылдары сот орындаушысы, Ақмола облысы сот әкімшілігінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде кеңесші, бөлім басшысы, хатшылық меңгерушісі, басшының орынбасары лауазымдарын атқарған.
Осы тағайындауға дейін, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1200332?lang=kk

Жауап қалдыру