
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!
Естеріңізге саламыз, облыс орталығында «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді.
«Құқық кабинеті» — әрбір азаматқа қажетті құқықтық ақпаратты тегін алуға және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін орын.
«Құқық кабинеті» қандай мүмкіндіктер ұсынады?
- «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және «Заң» деректер базасына қол жеткізу
- қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу мүмкіндігі
- e-Otinish арқылы өтініштер беру
- eGov сервистерімен жұмыс істеу
- «Ашық НҚА» порталына және мемлекеттік органдардың басқа да цифрлық қызметтеріне қол жеткізу
- жабдықтарды пайдалану: компьютер, принтер, телефон, веб-камера
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін
«Құқық кабинеті» — сізге жақын жерде тегін құқықтық көмек алудың ыңғайлы әрі қолжетімді мүмкіндігі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1200316?lang=kk

Жауап қалдыру