Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлері арасында «Өз кәсібінің үздiгі – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңін өткізу туралы хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Өз кәсібінің үздiгі – 2026» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Байқау екі кезеңде өткізіледі:
- I кезең – аймақтық
- II кезең – республикалық
Конкурс номинациялары:
- «Үздік стационар дәрігері»
- «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері»
- «Үздік жедел жәрдем дәрігері»
- «Үздік ауыл дәрігері»
- «Үздік провизор»
- «Үздік денсаулық сақтау менеджері»
- «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейін дәрігері»
- «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы»
- «Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер»
- «Үздік стационар мейіргері»
- «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері»
- «Үздік ауыл мейіргері»
- «Үздік акушер»
- «Үздік фельдшер»
- «Үздік медицина колледжі оқытушысы»
Қатысу шарттары: Қатысушылар Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттарды ұсынады:
- Нысан бойынша өтінім (Қағидаларға 1-қосымша)
- Қатысушының портфолиосы (Қағидаларға 2-қосымша)
- Сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (Қағидаларға 3, 4, 6, 8-қосымшалар)
Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылдың 20 сәуірінен 30 сәуіріне дейін.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық деңгейде қатысу үшін ұсынылатын болады, онда конкурс нәтижелері бойынша «Өз кәсібінің үздiгі – 2026» атағы беріледі, сондай-ақ әр номинация бойынша 500 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем көзделеді.
Қосымша ақпаратты 8 (7162) 721551 телефоны арқылы алуға болады, 8777 607 00 86 Туребекова Бахыт Мейрамқызы
Медицина және фармацевтика қызметкерлерін, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдерін байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1200709?lang=kk

Жауап қалдыру