
2026 жылғы 9-13 сәуір аралығында Шымкент қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, құқық негіздері пәндері бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Павлодар қаласы облыстық команда құрамында Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебі, А. Шәмкенов атындағы лицей-мектебі, №7, 29 мектебінің олимпиаданың облыстық кезеңінің 4 жеңімпазы ұсынылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша А.Шәмкенов атындағы лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Татару Елизавета (орыс тілі мен әдебиеті) Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің алтын медаль және І дәрежелі дипломының иегері атанды.
Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Шрейдер Арина (орыс тілі мен әдебиеті) және №29 орта мектептің 11 сынып оқушысы Казкенов Илияс (құқық негіздері) қола медаль және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1200105?lang=kk

Жауап қалдыру