
Қарақия аудандық полиция бөлімшесіне баланың үйден шығып кетіп, табылмауы дерегі бойынша ауыл тұрғынынан бірнеше рет хабарлама түскен.
Аталған жағдайға байланысты FSM платформасы арқылы дабыл тіркеліп, арнайы мобильді топ мүшелерімен бірлесіп, жедел түрде тұрғынның мекенжайына шығу ұйымдастырылды.
Тұрғын үйге бару барысында отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, баланың денсаулық жағдайы және психо-әлеуметтік ахуалына кешенді талдау жүргізілді. Тексеру нәтижесінде отбасы мүшелерімен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Сонымен қатар, ата-анаға баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның бос уақытын тиімді ұйымдастыру және тәрбиесіне қатысты заң талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау көрсетілетіні ескертілді.
https://www.instagram.com/reel/DXHNekyjcf7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1200861?lang=kk

Жауап қалдыру