Қаратау ауданында мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормалары және заңнамалық талаптар жөнінде жиын өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратау ауданы әкімінің аппарат басшысы А. Сұлтанмұраттың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосуда мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері қаралып, қызметтік әдеп талаптарын бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сондай-ақ азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әділдік таныту қажеттілігі атап өтілді.
Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңнамамен белгіленген шектеулер, оның ішінде азарттық (құмар) ойындарға қатысуға тыйым салу талаптары жөнінде қосымша түсіндірме беріліп, бұл нормаларды бұзған жағдайда жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.
Аппарат басшысы қатысушыларға мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, алдағы уақытта әдеп нормалары мен заңнамалық талаптарды мүлтіксіз сақтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau/press/news/details/1200830?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді