
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) «Салауатты қалалар» бастамасы әрбір адамға өмір сүруге қолайлы, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Салауатты қала – бұл тазалық пен жайлылық орнаған, экологияға мән берілетін, адамдар бір-бірін қолдайтын және әркім өз денсаулығы мен әл-ауқатына әсер ететін шешімдерге қатыса алатын орта.
Қазақстанда «Салауатты қалалар мен өңірлер» жобасы қолайлы және қауіпсіз қалалық орта құруға, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және теңсіздікті азайтуға бағытталған.
Тарихқа көз жүгіртсек:
➢ 2017 жылы Алматы ДДҰ-ның Еуропалық «Салауатты қалалар» желісінің алғашқы қатысушысы болды;
➢ 2018 жылы бұл бастамаға Қызылорда облысы қосылды;
➢ 2019 жылы Астана, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалалары қолдау білдірді, алайда COVID-19 пандемиясына байланысты жұмыс уақытша тоқтатылды.
➢ 2025 жылдың қаңтарында Шымкент және басқа өңірлер желіге қайта қосылуға ниет білдірді.
Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – қаланың ДДҰ-ның Еуропалық «Салауатты қалалар» желісіне қосылуы болуы.
Бағдарламаның басты мақсаты – дені сау қалалық ортаны дамыту. Бұл орта келесі құндылықтарды қолдайды:
➢ физикалық белсенділік;
➢ тұрақты мобильдік;
➢ дұрыс тамақтану;
➢ темекі мен алкоголь тұтынуды азайту;
➢ қоршаған ортаны қорғау.
Осы тәсілдерді іске асыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қалалар мен өңірлер деңгейінде денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1200385?lang=kk

Жауап қалдыру