
Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары!
04 сәуір күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл — тазалықты сақтау мен табиғатқа деген жанашырлықты арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Акция барысында ауыл көшелері тазартылып, сондай-ақ тұрғындар мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналған «Шымбұлақ» демалыс аймағы ретке келтірілді. Бірлескен еңбектің арқасында ауламыз бұрынғыдан да таза, көрікті әрі жайлы бола түсті.
Мұндай шаралар — тек тазалық жұмыстары ғана емес, бұл қоршаған ортаға деген жауапкершілігіміздің көрінісі. Табиғатты аялау — болашақ ұрпаққа деген қамқорлық, туған жеріміздің көркін сақтау.
Сенбілікке белсене қатысып, ортақ іске үлес қосқан барша тұрғындарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Бірліктің арқасында ғана біз туған өлкеміздің тазалығы мен әсемдігін сақтай аламыз.
Табиғатты қорғау — әрқайсымыздың міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1200239?lang=kk

Жауап қалдыру