Шет ауданы Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімнің аппараты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде облыстық сенбілік өткізілді. Аталған игі шараға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
 Сенбілікке Хасен Серікжіп атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы, ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапхана ұжымы және әкімдік қызметкерлері белсене атсалысты.
Іс-шара барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен мекемелердің аумақтары тазартылып, қоқыстар шығарылды. Айналаны абаттандыру және тазалықты сақтау бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Мұндай шаралар туған жеріміздің көркеюіне, қоршаған ортаның таза әрі жайлы болуына зор үлес қосады. Барша ауыл тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға және осындай игі бастамаларға әрдайым белсенді қатысуға шақырамыз.
Таза ауыл — жарқын болашақтың кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-kairakty/press/news/details/1200564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді