
2026 жылғы 17 сәуір күні Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында көрермен назарына жарқын музыкалық «Mamma Mia!» спектаклі ұсынылады.
Театрдың оперетта труппасы небәрі екі жыл бұрын құрылғанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде жергілікті көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өңірдің мәдени өмірінде өзіндік орны бар ұжымға айналды. Енді шығармашылық ұжым өз өнерін елорда көрерменіне алғаш рет ұсынбақ.
Қойылымға театрдың жетекші солистері, хор, балет және симфониялық оркестр қатысып, сахнада кең ауқымды әрі әсерлі музыкалық көрініс жасайды.
Спектакльдің негізін әлемге әйгілі ABBA тобының хит әндері құрайды. Жанды музыка, шынайы эмоция және ерекше сахналық шешімдер көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайды.
«Mamma Mia!» — махаббат пен өмір қуанышын дәріптейтін, көрерменді жарқын сезімге бөлейтін әсерлі қойылым.
Іс-шара туралы ақпарат:
Күні: 17 сәуір 2026 жыл, 18:00
Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ БАҚ өкілдерін спектакльді тамашалауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1200441?lang=kk

Жауап қалдыру