
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде мектеп жасына дейінгі балалармен «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеушілік конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 11 аудан/қалаларынан келіп түскен 21 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:
1-орын (ересек топ) – Қатонқарағай ауданы, Жамбыл орта мектебінің шағын орталығы;
1-орын (мектепалды топ) – Өскемен қаласы, №62 арнайы балабақшасы;
1-орын (шығармашылық топ) – Зайсан ауданы, «Еңлік» бөбекжайы.
2-орын (ересек топ) – Өскемен қаласы, №3 «Балбөбек» балабақшасы, Зайсан ауданы «Балдырған» бөбекжайы, Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені;
2-орын (мектепалды топ) – Зайсан ауданы, «Ертөстік» бөбекжайы;
2-орын (шығармашылық топ) – Өскемен қаласы, №1 «Балапан» балабақшасы, Глубокое ауданы «Ақбота» бөбекжайы;.
3-орын (ересек топ) – Тарбағатай ауданы, «Жалғас» жекеменшік балабақшасы, Глубокое ауданы «Пчелка» бөбекжайы;
3-орын (мектепалды топ) – Самар ауданы, М.Дулатұлы атындағы негізгі орта мектебі;
3-орын (шығармашылық топ) – Самар ауданы, «Дәншік» балабақшасы.
Аталымдар:
«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс» – Марқакөл ауданы, Қазақстан негізгі орта мектебі;
«Жас эколог» – Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені (ересек топ);
«Жаңалық жаршысы» – Үлкен Нарын ауданы, «Балбөбек» бөбекжайы (ересек топ), Риддер қаласы, «Қуаныш» бөбекжайы (мектепалды топ);
«Тапқыр зерттеушілер» – Самар ауданы,«Дәншік» балабақшасы (ересек топ), Катонқарағай ауданы, Еңбек орта мектебі (мектепалды сынып);
«Креативті жұмыс» – Глубокое ауданы, «Асыл бөпе» бөбекжайы (мектепалды топ);
«Жас зерттеушілер» – Алтай ауданы, «Салтанат» бөбекжайы (мектепалды топ).
Байқаудан 1-орын алған жұмыстар республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1200663?lang=kk

Жауап қалдыру