
Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларға арналған декларация берілгенге дейін мыналар тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін:
-осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Комиссия осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағына сәйкес айқындаған тауарлар;
-Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарлар. Осы тармақшаның мақсаттары үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осындай уәкілетті органдардың бірлескен актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарлардың тізбесін уәкілетті органға жібереді;
-Комиссия бекітетін тізбе бойынша, Комиссия айқындайтын өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды тұлғалардың жекелеген санаттары әкелетін тауарлардың санаттары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1200124?lang=kk

Жауап қалдыру