Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатына арнайы барып, АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлемдік деңгейдегі FIRST Championship жарысына жолдама алған TOLEBI DARYN командасының оқушыларымен және жетекшілерімен жүздесті.
Кездесу барысында аудан басшысы жас өрендердің робототехника саласындағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, олардың еңбегі мен ізденісіне шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, халықаралық додаға қатысу – үлкен жетістік әрі аудан үшін зор мақтаныш екенін атап өтіп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Басқосуда аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы оқушылардың еліміздің абыройын асқақтатарына сенім білдіріп, дарынды жастарға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың «Алғыс хатын» табыстады. Сонымен қатар, білімді шәкірт тәрбиелеуге үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналарға да алғысын білдіріп, марапаттады.
Айта кетерлігі, TOLEBI DARYN командасы соңғы жылдары робототехника және инженерлік инновациялар бағытында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда: Innovation Project Champion’s Award — ALAN FIRST Championship (2023)
Robot Design Award Winner — Central Asia FIRST Championship (2023)
Champion’s Award Winner — Turkistan FIRST Regional (2025)
Young Innovators Award — Almaty Tech Cup (2025)
Programming Mastery Award — Almaty Tech Cup (2025)
Robot Design Award Finalist — Daryn FIRST Championship (2025)
Champion’s Award Winner — Central Asia FIRST Championship (2026)
Champion’s Award Winner — Turkistan Robotics & Drones Championship (2026)
Robot Design Winner — Central Asia FIRST Championship (2026)
Сонымен қатар, команда CENTRAL ASIA FIRST Championship 2026 жарысында екі бірдей ірі марапатқа ие болды. Осы жетістіктердің нәтижесінде TOLEBI DARYN командасы абсолютті чемпион атанып, 2026 жылғы 29 сәуір — 2 мамыр аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік жарысына Қазақстан атынан қатысуға жолдама алды.
Жауап қалдыру