Бір павлодарлықтар жұмыс күнінен кейін демалып, күш жинап жатса, енді біреулер өздерінің музыкасы немесе жөндеу жұмыстары өзгелердің тыныштығынан маңызды деп санайды. Алайда статистика көрсеткендей, Павлодар облысының құқық қорғау органдары түнгі шуды бұзушыларға қатысты «нөлдік төзімділік» саясатын ұстануда.
Жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін 1313 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың қатарында ауладағы шулы топтар ғана емес, таңға дейін созылатын пәтердегі кештер де бар.
– Тыныштықты бұзу — жай ғана қолайсыздық емес. Бұл көршілердің, қарттардың және кішкентай балалары бар отбасылардың денсаулығына кері әсер етеді. Заңда нақты талаптар белгіленген: түнгі тыныштықты сақтау — әр азаматтың міндеті. Еске сала кетейік, заңнамаға сәйкес: жұмыс күндері — сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері — 23:00-тен 10:00-ге дейін тыныштық сақталуы тиіс. Ережені бұзғандарға ескерту ғана емес, қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері де артады, – деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
– Менің көршім заң өз пәтерінің ішінде немесе көлігінің жанында аяқталады деп ойлайды. Оның қатты музыкадан алатын «рахаты» бүкіл үй тұрғындарының тыныштығын бұзуға тұрмайды. Айтамын: сөзбен түсінбесең — айыппұл арқылы түсінесің, – дейді қала тұрғыны.
Полиция тұрғындарды өзара сыйластыққа шақырады. Басқалардың демалысы мен ұйқысына құрметпен қарау — әркімнің міндеті. Ал құқық бұзушылық орын алса, дереу «102» нөміріне хабарласу қажет.
Сіздің тыныштығыңыз заңмен қорғалған. Бірақ қоғамдық тәртіп әрқайсымыздан басталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1200513?lang=kk

Жауап қалдыру