Зеренді ауданы тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зеренді ауданының ауылдарындағы медициналық пункттер туралы таралып жатқан ақпаратқа байланысты Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды:

Медициналық көмек штаттық режимде көрсетілуде. Барлық тұрғындар бұрынғыдай «Виамедис» ЖШС-не тіркелген және қажетті медициналық қызметтерді өзгеріссіз алуда.

Қазіргі уақытта Зеренді аудандық ауруханасы «Виамедис» ЖШС-мен бірлесіп құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл үдеріс техникалық сипатқа ие және халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігіне әсер етпейді.

Аталған жағдайға қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова да түсініктеме берген, мәселе оның бақылауында. Сондай-ақ Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселе бойынша бірнеше рет ресми түсіндірмелер берген.

Ауыл тұрғындары медициналық көмексіз қалмайды. Халық алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде сақталады. Ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенулеріңізді сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1200258?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді