Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімі жаңғыртылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаслан Мәдиев төрағалығымен өткен кеңесте бұл мәселе қаралды. Негізгі мақсат – үдерістің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, азаматтар үшін қолайлылықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жүргізушілерді даярлау сапасын күшейту.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, азаматтар емтиханды ақылы негізде шектеусіз тапсыра алады, бірақ әр әрекет арасында кемінде 10 күн болуы тиіс. Қазіргі жүйеде 3 тегін мүмкіндік беріліп, одан кейін қайта оқудан өту талап етілетін.

Теориялық емтиханға академиялық адалдық технологиялары енгізіліп, тесттерге психометриялық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар, емтихан барысында жасанды интеллект, толықтырылған шынайылық (AR) және компьютерлік көру технологиялары қолданылып, бұзушылықтарды анықтау күшейтіледі.

Цифрлық шешімдердің қауіпсіздігі күшейтіліп, заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік артады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылып, емтихан тапсыру құқығынан уақытша айыру қарастырылады.

Сондай-ақ автомектептердің қызметіне қойылатын талаптар қатаңдатылып, оларды лицензиялау енгізіледі. Жалпы, бұл шаралар рәсімнің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kazcik/press/news/details/1200661?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді