
15 сәуір – қазақ халқының тарихында махаббат пен адалдықтың белгісі ретінде ерекше мәнге ие Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні. Абай облысы Полиция департаментінде бірге қызмет атқарып жүрген жандар аз емес. Солардың бірі Фархат пен Айдана.
Учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Уразбеков Фархат пен Ақпараттық саясат бөлімініңерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция аға лейтенанты Қозыбаева Айдананы таныстырып, табыстырған осы полиция қызметі. Қызметтік міндеттер әртүрлі болғанына қарамастан, олар бір-бірінің кәсіби қасиеттерін бағалап, сенім мен адалдыққа негізделген байланыс орнатты.
Бұл танысу – тек формалды байланыс емес, кәсіби ортадағы сенім мен түсіністіктің символы. Қызметкерлердің әрқайсысы өз саласында жоғары кәсібилігімен танымал, енді олардың арасындағы байланыс қызметтік тәжірибелер мен жауапкершіліктің бірігуін білдіреді.
Қызметтес ерлі-зайыптылар болса:
“Полиция қызметі – тек заңның күші емес, сондай-ақ жауапкершілік, тәртіп және әділеттілікті сақтау. Фархатпен танысу арқылы мен кәсіби ортада сенімді әріптес табудың маңыздылығын түсіндім. Біз әртүрлі бөлімдерде жұмыс істейміз, бірақ біздің қызметіміздің мәні бір: қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні бұл байланыстың символы болып, кәсіби міндеттерімізге жаңа серпін береді”-деп пікірлерін білдіруде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1201629?lang=kk

Жауап қалдыру