Әлихан Бөкейхан университетінің кәсіби бағдар беруші мамандары оқушыларымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы, Ақсуат ауданы оқушылары арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 14 сәуір күні Ақсуат аудандық мәдениет үйінде Әлихан Бөкейхан университетінің аға оқытушылары, кәсіби бағдар беруші мамандары және университеттің алдыңғы қатарлы студенттері аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге Ақсуат ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Балтабаев Мұрат Тоғысбекұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Мазенов Өмірбек Балтабекұлы, Ақсуат ауданы білім бөлімінің басшысы Қыдырмолдин Амангелді Шаймұратұлы қатысып, университет ұжымына және мектеп оқушыларына ізгі лебіздерін білдірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет құндылықтары мен ерте кәсіптік бағдар берудің маңыздылығын атап өтіп, оқушыларға сәттілік тіледі.

Әлихан Бөкейхан университеті өзінің отыз жылға жуық тарихында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мәдени-ғылыми әлеуеті арқылы елеулі үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны болып табылады. Осы орайда университет өкілі Гүлмира Әміржанқызы өз сөзінде жасанды интеллект пен технологиялар дәуірінде ізгілікті әрекетке негізделген, болашақтың іргетасын қалайтын зиялылардың жаңа буынын қалыптастыру университеттің басты мақсаты екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызмет құндылықтары мен ерте кәсіптік бағдар беру бағыттары туралы да кеңінен түсіндіріп өтті.

Университеттің өнерлі студенттері 11-сынып оқушыларына өздерінің қойылымдары мен көріністерін ұсынып, тағылымды мазмұндағы әсерлі өнерлерін көрсетті. Олар оқушыларға терең ой салатын өлеңдер, ән мен билерін де арнады.

Кездесу өте мазмұнды әрі мәнді өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1201663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді