Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде   №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында тарих пәні  мұғалімдері арасында “Кәсіпқой” облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде   №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында тарих пәні  мұғалімдері арасында “Кәсіпқой” облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

         Олимпиаданың мақсаты: тарих пәні бойынша  жоғары  ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтерін анықтау. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру әрі озық педагогикалық тәжірибені тарату. Аудандық олимпиадаға  тарих пәнінен 10 мұғалім қатысты.  Олимпиада 2 кезеңде өтті. 1 кезең  тест II кезеңде   портфолиосын қорғау.

         Аудан бұйрығымен бекітілген әділқазылар алқасының  шешімі бойынша  келесі жеңімпаздар анықталды. Олимпиада қорытындысы бойынша тарих пәнінен  1 орынды  Аукенов Айбек Ауесбекович №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы, II орынды  Каиржанова Айгуль Сарсенбаевна Бірлестік орта мектебі және Махметов Ақан Өмірбекович №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы, III орынды   Искакова Зайра Каирлиновна Саумалкөл қазақ орта мектебі мен Быданов Евгений Сергеевич Саумалкөл №1 орта мектебі пән мұғалімдері жеңімпаз атанды. Ауданымыздан I орын  иеленген  Аукенов Айбек Ауесбекович облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғамақшы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1201542?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді