«АЙБЫН – 2026» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 сәуірде Шымкент қаласындағы №142 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Айбын – 2026» ХІІ халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараны Шымкент қалалық білім басқармасының қолдауымен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мамандары ұйымдастырды.

Салтанатты жиынға қаладағы қорғаныс, білім және ардагерлер ұйымдарының өкілдері арнайы қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әскери-патриоттық тәрбие – ел болашағы үшін маңызды бағыт. «Айбын» – жасөспірімдердің тәртібін шыңдап, отансүйгіштік рухын арттыратын ерекше алаң.

Биылғы іріктеу кезеңіне қаладағы 100 мектептен іріктелген 15 команда қатысуда. Қатысушылар «Айбын жұлдызы», «Айбын дарыны», «Смарт сарбаз» және жүзу бағыттары бойынша өз бақтарын сынайды.

Шара аясында көрермендерге концерттік бағдарлама, әскери-қолданбалы өнер элементтері мен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері ұсынылды.

Жеңімпаздар Шымкент қаласының намысын республикалық және халықаралық деңгейде қорғауға мүмкіндік алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1201567?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді