
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті апталық аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округі әкімдері, сондай-ақ бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық ветеринария қызметінің басшысы Ербол Сейітқазы баяндама жасап, жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, ауыл округі әкімдеріне мал иелері арасында ветеринариялық талаптарды сақтау, малды уақытылы тіркеу, бірдейлендіру және екпе жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын түсіндіру тапсырылды.
Екінші мәселе бойынша Отырар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Азамат Тілес аудан аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде баяндады.
Атап айтқанда, кене арқылы таралатын аурулардың алдын алу мақсатында елді мекендер мен жайылымдарда дезинсекция жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы үш айында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 1 жағдайы тіркеліп, зертханалық түрде расталған. Қазіргі таңда бірқатар елді мекендерде залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына дезинфекция жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1200900?lang=kk

Жауап қалдыру