Ақтоғай ауданының туристік әлеуетін дамыту мақсатында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е. Алпысовтың жұмыс сапары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында ауданның туристік мүмкіндіктерін арттыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қонақ үйлер желісін дамыту және туристер үшін жаңа тартымды нысандар қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Делегация «Saldem» (ашылуы мамыр айына жоспарланған жаңа жоба) және «Сұлу тас» қонақ үйлеріне барып, олардың жұмысымен танысты. Бұл нысандар өңірдің туристік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналуда.

Шабанбай би ауылы мен көркем Қызыларай таулы алқабы — Орталық Қазақстандағы ең тартымды табиғи аймақтардың бірі. Бұл өңір экотуризмді дамыту үшін жоғары әлеуетке ие.

Аймақтың бірегей табиғи ландшафттарын қонақ үйлер желісімен ұштастыру ішкі және экологиялық туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, Ақтоғай ауданын туристер мен инвесторлар үшін барған сайын тартымды етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/news/details/1201713?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді