АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ӘРДАЙЫМ БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Еліміздің даму көрсеткішін айқындайтын басты саланың бірі – ауылшаруашылық саласына ден қойылып келеді. Аталмыш саланы жан – жақты дамыту өзектілігі жойылмайтын іс. Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков Әділет, Нұр-2000, Бәйімбет, Мұрат, Ақтоғай, шаруақожалықтарын аралады. Аралау барысында атқарып жатқан жұмыстарын бақылап, бірқатар мәселелер бойынша тиісті нұсқаулар берді.

🔰Айта кетейік, аудандағы жалпы егістік жердің көлемі 25 619 гектар. 2026 жылдың өнімі 24 695 га алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланды. Егістік жердің 97%-ы игеріледі. 2025 жылғы егістік алқабынан 1 546 гектарға жоғары. Шаруаларды тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында облыс көлемінде және көршілес Алматы облысындағы тұқым сататын шаруашылықтар байланыс номерлері мен тұқым бағасы туралы ақпарат алынып, шаруашылықтарға таратылды. Аталмыш сала бойынша тиісті жұмыстар жалғаса бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1201414?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді