2026 жылғы жазғы Азия ойындарына дайындық аясында Қазақстанның ұлттық құрамалары Азия чемпионаттары мен халықаралық жарыстарда бірқатар жоғары нәтиже көрсетіп үлгерді. Бүгінгі таңда отандық спортшылар спорттың 11 түрі бойынша Азия чемпионаттарына қатысып, 22 алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі ірі халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетіп, құрамалардың жалпы дайындық деңгейінің жоғары екенін және құрлықтағы бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.
Осылайша, қазіргі қарқын сақталып, дайындық жоспарлары сәтті жүзеге асырылса, Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарында табысты өнер көрсетуіне толық мүмкіндік бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1201698?lang=kk

Жауап қалдыру