Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес ауданда даму әлеуеті жоғары 39 ауылдық елді мекен іріктелді (онда ауыл халқының 97,4%-ы (106,5 мың адам) тұрады), оның 7-і тіректі, 32-і спутниктік, қалған 4-нің даму әлеуеті орташа/төмен.
Бүгінге ауылдық елді мекендерді серпінді дамытуға әсер етіп отырған бұл – «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы.
Аталған жобаны іске асыру есебінен бірінші кезекте инфрақұрылым жақсаруда. 2019-2025 жылдары ауданның 43 елді-мекенінде 13 007,3 млн.теңгеге 202 жоба іске асырылды. Оның ішінде білім саласында 21 жоба 3 581,1 млн. теңгеге, денсалық саласында 591,9 млн. теңгеге 6 жоба, спорт саласында 1 342,7 млн. теңгеге 8 жоба, мәдениет – 702,4 млн. теңгеге 9 жоба, әлеуметтік қамсыздандыру – 3,1 млн. теңгеге 1 жоба, электр желілерін жөндеу мен жарықтандыру 414,4 млн теңгеге 9 жоба, ауылішілік жолдарға 6 371,7 млн. теңгеге 148 жоба орта жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды.
2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша ұсынылған жобалардан Байзақ ауданы бойынша барлығы 15 жобаны іске асырылды, 2 202,4 млн. теңге. (Байзақ, Бурыл тіректі және Қосақ, Ботамойнақ, Жаңатұрмыс, Ақшолақ, Қосы батыр, Тегістік спутниктік ауылдары) 6 ауылдық округ бойынша барлығы 977,5 млн. теңгеге (ОБ- 826,0 млн. тг., РайБ- 151,5 млн. тг.) 11 жоба (45 көше) жүзеге асырылды. Ол 38,044 шақырым елді мекен көшелеріне орташа жөндеу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1201496?lang=kk

Жауап қалдыру