Гемодиализ бөлімшелерін ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Гемодиализ бөлімшелерін күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен реттеледі. Бұл құжат пациенттер мен медициналық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған міндетті нормаларды белгілейді.

 

Аталған талаптар инфекциялық аурулардың, соның ішінде парентералды инфекциялардың, мысалы В және С вирустық гепатиттері мен АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған.

 

Негізгі талаптардың бірі – гемодиализ бөлімшелеріндегі үй-жайларды аймақтарға бөлу. Санитариялық-гигиеналық ережелерге сәйкес «таза» және «шартты түрде ластанған» аймақтар нақты бөлінуі тиіс. емдеу залдар инфекциялық аурулары бар және ондай аурулары жоқ пациенттерге бөлек қызмет көрсету ескеріле отырып жабдықталады. Вирустық гепатиттердің оң маркерлері бар пациенттер үшін бөлек залдар немесе ауысымдар қарастырылады, сондай-ақ оларға жеке жабдық бекітіледі.

 

Су дайындау жүйесіне ерекше назар аударылады, себебі судың сапасы гемодиализ процедурасының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Су белгіленген микробиологиялық және химиялық көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс. Медицина ұйымының ішкі құжаттарымен бекітілген кестеге сәйкес су мен диализ ерітінділеріне зертханалық бақылау тұрақты түрде жүргізілуі міндетті.

 

Санитариялық қағидалар жабдықтарды өңдеу және дезинфекциялау тәртібін де реттейді. Гемодиализ аппараттарының барлығы әрбір пациенттен кейін рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды пайдалану арқылы міндетті түрде дезинфекцияланады. Қанмен жанасатын медициналық бұйымдар бір реттік болуы немесе белгіленген тәртіппен стерильдеуден өтуі тиіс.

 

Персонал қатаң түрде асептика және антисептика қағидаларын сақтауға міндетті. Бұған жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маска, қорғаныш көзілдірігі) қолдану, қол гигиенасын тұрақты сақтау, сондай-ақ медициналық тексеруден өту және В гепатитіне қарсы екпе алу кіреді.

 

Сонымен қатар медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және жоюды ұйымдастыру маңызды шара болып табылады. Б және В сыныптағы қалдықтар қоршаған орта мен персоналға инфекция таралу қаупін болдырмайтын талаптарға сәйкес залалсыздандырылуы тиіс.

 

Осылайша, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау гемодиализ бөлімшелерінің қауіпсіз жұмыс істеуінің қажетті шарты болып табылады және инфекциялық асқынулардың алдын алуға әрі медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1201296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді