
Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!
Сарыағаш ауданы аумағындағы қала және елді мекендерде халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 2026 жылғы 18 сәуір күні сағат 09:00-ден бастап «Таза аула» (үй аулаларын тазалау) атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылады.
Осыған орай, барша аудан тұрғындарын тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз!
Тазалық – ортақ міндет!
Ауданымыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1201457?lang=kk

Жауап қалдыру