
Ауданымызға кәсіптік бағдар беру мақсатында Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінен және Семей медициналық колледжінен мамандар келді. 7 сәуір күні олар аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білімдерін кеңейтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1201618?lang=kk

Жауап қалдыру