
🔸2026 жылдың 14 сәуірінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру және «Антиконтрафакт» республикалық акциясы шеңберінде зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімінің қызметкерлері «Қостанай қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының сот орындаушысымен бірлесіп, «Apple» тауар белгісімен таңбаланған контрафактілік өнімдер партиясын жою жұмыстарын жүргізді.
🔹Аталған өнімдер бұған дейін тексеру іс-шаралары барысында тәркіленген болатын. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың қаулысына сәйкес тауарлар контрафактілік деп танылып, тәркілеуге және кейіннен жоюға жатады. Кінәлі тұлға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1201199?lang=kk

Жауап қалдыру