
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпті өндірістік объектілердің бірінші басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Департамент басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылаушы және тексеруші лауазымды тұлғалар тарапынан орын алуы мүмкін заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Осы ретте қатысушыларға мұндай фактілер анықталған жағдайда олар туралы жедел түрде Департамент басшылығына бірыңғай сенім телефондары арқылы хабарлау қажеттігі жеткізілді. Іс-шара аясында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Барлық көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Маңғыстау облысы ТЖД азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 8 (7292) 31-99-90 және 8 (7292) 31-91-00 бірыңғай сенім телефондары арқылы хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1201677?lang=kk

Жауап қалдыру