Көрсетілетін қызметті беруші: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары. Қызмет көрсету тәсілі: “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы. Қызмет көрсету мерзімі: 4 жұмыс күні. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). Қызмет көрсету нәтижесі: жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Төлем мөлшері: тегін. Жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1201243?lang=kk

Жауап қалдыру