
Ақтөбе қаласында тұрғындардың белсенділігін арттырып, қаланың көркеюіне үлес қосуға бағытталған «Менің Ақтөбем» атты байқау басталды.
Байқауға ауласын күтіп-баптап, көгалдандыру мен тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізіп жүрген кез келген тұрғын қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс тек үздіктерді анықтап қана қоймай, қала аудандарындағы оң тәжірибелерді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Байқау екі кезеңде ұйымдастырылады. Алдын ала аудандық кезең 2026 жылдың 15 сәуірі мен 25 шілдесі аралығында өтсе, негізгі қалалық кезең 15–30 тамыз күндеріне жоспарланған.
Суреттерде байқау талаптарымен толығырақ таныса аласыздар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tokmansay/press/news/details/1201682?lang=kk

Жауап қалдыру