
2026 жылғы 15 сәуірде Нұра ауданы өнер мектебінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп» және «Кітап оқитын әулет» санаттары бойынша аудандық кезең жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Аталған жоба – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейтуге, білім мен парасатты ұлықтауға бағытталған маңызды бастама. Іс-шара барысында кітапқа деген сүйіспеншілігімен, білімге деген құштарлығымен ерекшеленген оқушылар мен отбасылар марапатталды.
Салтанатты жиында Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов құттықтау сөз сөйлеп, бұл бастаманың өңірдің рухани дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жеңімпаздардың жетістігі – қажырлы еңбек пен табандылықтың, білімге деген құштарлықтың нәтижесі екенін жеткізіп, алдағы облыстық кезеңде сәттілік тіледі.
Марапаттау рәсімі екі негізгі санат бойынша өткізілді.
«Кітап оқитын әулет» санаты бойынша:
- І орын – Ибраевтар әулеті (Көбетей ауылы), Анарбаевтар әулеті (Көбетей ауылы);
- ІІ орын – Даирбековтар әулеті (Кәрім Мыңбаев ауылы), Кеңесовтар әулеті (Нұра кенті);
- ІІІ орын – Букеровтар әулеті (Нұра кенті).
«Кітап оқитын мектеп» санаты бойынша ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 6–10 сынып оқушылары арасында үздіктер анықталып, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері марапатталды. Жеңімпаздар қатарында Нұра, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Рахым Асубаев, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейхан, Ыбырай Алтынсарин және басқа да білім беру ұйымдарының оқушылары бар.
Іс-шара соңында барлық жеңімпаздар естелік суретке түсіп, оларға алдағы облыстық кезеңде жоғары нәтижелерге жетуге тілектестік білдірілді.
Аталған жоба – кітап оқу мәдениетін дәріптеу арқылы білімді әрі саналы ұрпақ қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1201307?lang=kk

Жауап қалдыру