
«Парыз» конкурсы
Құрметті Бұланды ауданының жұмыс берушілері, Сіздерді «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы байқауына қатысуға шақырамыз.
Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурс 4 номинациядан тұрады:
1.«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»
2.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»
3.«Үздік ұжымдық шарт»
4.«Экологияға қосқан үлесі үшін»
Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада ұсынады, олар мыналарды қамтиды:
1) толтырылған өтінім;
2) корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша қызмет деңгейін және нақты нәтижелерді өзін-өзі бағалауды білдіретін үміткердің есебі. Үміткердің есебіне: заңды немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат енгізілуі тиіс;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) сауалнама.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімі 2026 жылдың 1 шілдесінде аяқталады. Қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kz сайты арқылы қабылданады.
Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не немесе 2-23-06, 2-14-26 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy/press/news/details/1201247?lang=kk

Жауап қалдыру