Павлодар облысы: «Таза Қазақстан» акциясына 50 мыңнан астам оқушы үн қосуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде ұйымдастырылып, өңір бойынша 50 мыңнан астам оқушы табиғатты қорғау бастамасына белсене қатысты. Бұл игі іс жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

 

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау, қоғамда экологиялық сананы күшейту және өскелең ұрпақты туған өлкені аялауға тәрбиелеу.

 

Игі істерге толы іс-шараларға тоқталсақ:

 

-Экологиялық апталық.

Өңірдегі білім беру ұйымдарында экологиялық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып, оқушыларды нақты әрекетке жұмылдырды.

 

–  «Жақсылық жаса» акциясы – кішкентай қадамнан үлкен өзгеріс.

1–25 сәуір аралығында оқушылар пластикалық бөтелке қақпақтарын жинап, қайта өңдеуге жіберу арқылы экологиялық жауапкершілікті іс жүзінде көрсетті.

 

 –  «Табиғатқа қамқорлық» – мейірімге толы бастама

Оқушылар құстарға арналған жемшашарлар жасап, ағаштарға іліп, табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің үлгісін танытты.

 

–  «Менің эко-отбасым» – ортақ жауапкершілік мәдениеті.

Отбасылар бірлесіп ағаш отырғызу, аумақ тазалау, қоқыс сұрыптау сияқты экологиялық әрекеттерін әлеуметтік желі арқылы насихаттады.

 

 – Жаппай сенбіліктер – бірлік пен еңбек көрінісі

«Тазалық – табалдырықтан басталады», «Жасыл мектеп», «Таза аула» сияқты атаулармен өткен сенбіліктерде мектеп аумақтары тазартылып, көркейтілді.

 

– «Жасыл мектеп» жобасы – болашаққа бағыт

2763 оқушы гидропоника әдісі арқылы топырақсыз өсімдік өсіру тәжірибесіне қатысып, жаңа экологиялық білім алды.

 

–  «Эко-марафон» – жасыл кеңістікті кеңейту

Жылыжайларда түрлі гүл көшеттері отырғызылып, алдағы уақытта ағаш (қайың, қарағай) отырғызу жоспарланды.

 

– Қауіпсіздік – басты назарда

Сонымен қатар оқушыларға су айдындары, Ертіс өзені мен Қ.Сәтбаев каналы маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

 

– “Таза Қазақстан” акциясы бізге табиғатты тек көру емес, оны қорғау керектігін үйретті. Әрбір тазаланған аула, әрбір отырғызылған ағаш – біздің болашағымызға қосылған үлес деп ойлаймын», – дейді «Жас сарбаз» мектебінің оқушысы Азамат Өмірбаев.

 

 

«Таза Қазақстан» акциясы Павлодар облысында тек экологиялық шара емес, жас ұрпақты табиғатқа жанашыр болуға тәрбиелейтін ауқымды қозғалысқа айналды. 50 мыңнан астам оқушының белсенділігі – экологиялық сананың жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1201513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді