ҚАРИЯЛАР ҚОҒАМДЫҚ ІСТЕРДЕН ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Олардың мол тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті жастар тәрбиесінде, қоғамдық мәселелерді шешуде көп көмегін беруде. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының кезекті есеп беру, сайлау конференциясында айтылған мәселелер осы оймен түйінделді. Конференцияда атқарылған жұмыстар бойынша қалалық кеңестің төрағасы Кенжехан Төлебаев есеп баяндама жасады.

Шымкентте бүгінгі таңда 101 мыңнаң астам ардагер бар. Оның 1300-і тыл ардагері. Жасы 100-ден асқан 14 қарияның бары да шымкентіктер үшін үлкен қазына.Ардагерлер кеңесінің негізгі міндеті бастауыш ұйымдармен, мәдениет және жастар, ұлтаралық орталықтармен тығыз жұмыс жүргізу, қариялардың емдеу-сауықтыру әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы жұмыстарын үйлестіруге ықпал ету болса, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі бұл міндеттердің үдесінен шығып жүр.

Қала аумағында тұратын барша ардагердің тізімі жасалып, мерейтойлық туған күндерінде қала әкімінің алғыс хаттарын ұйымдастырып, арнайы барып құттықтау рәсімдерін өткізудеміз. 2019 жылдан бастап қаламызда ардагерлер үшін «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жұмыс істеп келеді. Бүгінде олардың саны бесеуге жетті. Бұл орталықтарда қарияларымызға екі ауысымда әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, иога, би, бильярд, үстел тенисі, тренажорлық жаттығулар жасауға мүмкіндіктер жасалған. Қала басшысы Ғ.Сыздықбековтың тікелей басшылығымен ардагерлерге арналған 120 орынды «Ізетті зейнеткер» демалыс үйі бой көтерді. Бір жылда бұл орталықта 4300 ардагер демалып, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік алып отыр, – дейді К.Төлебаев.

Конференцияда «Әкелер мектебі», «Аналар кеңесі» жұмыстарының жаңдана түскенін, нәтижесінде қоғамдық келеңсіздіктерге жол бермеудің шаралары күшейе түскенін тілге тиек еткен кеңес төрағасы «Өкінішке қарай, жастар арасында «азаматтық неке» деген қазақ үшін жат ұғымдарға бой алдырушылар да жоқ емес. Ажырасушы жас отбасылардың саны азаймай отыр» деді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1201571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді