
Қазақстандық спортшы Валерий Рахымжан испан Гранадасында өтіп жатқан оқ атудан Әлем Кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды BAQ.KZ
Пневматикалық тапаншадан ату пәнінде қазақстандық жарыстың финалына жолдама алып, ойын қорытындысы бойынша сегізінші орынға ие болды.
Бұл кезеңде Қытай өкілі Бу Шуайхан жеңіске жетті. Екінші орынды ресейлік Антон Аристархов иеленді, ал қола жүлдені Түркиядан келген спортшы Бугра Селимзаде жеңіп алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1201045?lang=kk

Жауап қалдыру