Қазақстанның жоғары оқу орындары «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» университеттер конгресіне белсенді қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13–14 сәуір күндері Самарқанд қаласында «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» университеттер конгресі өтті. Аталған іс-шара өңір елдері мен Еуропалық Одақ мемлекеттері арасындағы жоғары білім, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Конгресс жұмысына министрлер, министрлердің орынбасарлары, сондай-ақ жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен өкілдері, ғылыми-академиялық қауымдастық және халықаралық ұйымдар қатысты. Атап айтқанда, ЕО елдерінің 45 университетінің, Орталық Азия елдерінің 20-дан астам университетінің және Өзбекстанның 80-нен астам жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізу, медицина және инженерлік-технологиялық бағыттар бойынша кадрлар даярлау мәселелері қамтылды.

Қазақстандық тарапты бірқатар жоғары оқу орындары таныстырды. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының оқытушылары Қымбат Сағынбаева мен Ғалия Есмағамбетова Конгресс аясындағы тақырыптық сессияларда Қазақстандағы білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы, соның ішінде жасанды интеллект және білім беру бағдарламаларын инновациялық дамыту бағыттары бойынша баяндамалар жасады.

Көкшетау университеті мен Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті арасындағы В2В кездесулер барысында академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Университеттер конгресінің өткізілуі Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы диалогты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1201744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді