
Іс-шараға п. Заводской, п. Бестөбе, Ақкөл қаласы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ, Азат (Ақкөл ауданы) ауылдары және Қырық-Күдік ауылынан келген жас волонтерлер қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 123 адам.
Семинар барысында қатысушылар волонтерлік қызметтің маңызы, тиімді волонтер болудың негізгі дағдылары, сондай-ақ волонтерлік жобаларды ұйымдастыру жолдары туралы білім алды. Практикалық бөлімде топтық жұмыстар жүргізіліп, кейстік тапсырмалар талқыланды.
Аталған іс-шара Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1201674?lang=kk

Жауап қалдыру