Тәртіп әрқайсымыздан басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күнделікті өмірдің қарбаласында кейде ұсақ көрінетін әрекеттерге мән бермей жатамыз. Қоқысты жәшікке тастамау, жолға темекі тұқылын лақтыру, қоғамдық орындарда темекі шегу немесе жол қозғалысы ережелерін елемеу — мұның бәрі болмашы нәрсе сияқты қабылданады. Алайда дәл осындай әрекеттер қоғамда не жауапкершілік мәдениетін, не болмаса бейберекетсіздік көзқарасын қалыптастырады.

Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері күн сайын көптеген құқық бұзушылықтарды тіркейді. Әрбір дерек — бұл жай ғана заң бұзу емес, адамның қоршаған ортаға, қоғамға және белгіленген тәртіпке деген көзқарасының көрінісі.

Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидаты қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Себебі тәртіп өздігінен пайда болмайды — ол әр азаматтың күнделікті әрекеттерінен құралады.

Тіпті ұсақ көрінетін құқық бұзушылықтың өзі салдарға әкелуі мүмкін: лақтырылған темекі тұқылы экологияға зиян келтіреді, ал ережелерді елемеу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

«Қоғамдық тәртіп – әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады».

Қарапайым ережелерді сақтау — қауіпсіздікке, тазалыққа және жайлылыққа қосқан үлес. Ал жауапты қоғам дәл осыдан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1201641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді