
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Қасқабұлақ ауылында «Татулық пен келісім – басты байлық ел үшін» атты спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл шара ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтуға, тұрғындар арасындағы достық қарым-қатынасты арттыруға бағытталды.
Аталған іс-шара барысында қатысушылар өзара бақ сынап, түрлі спорттық ойындар арқылы белсенділік танытты. Спартакиада тек жарыс қана емес, ауыл тұрғындарының басын қосқан, татулық пен сыйластықты дәріптеген маңызды алаңға айналды.
Жарысқа барлығы үш команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде:
I орынды Есейхан ауылы иеленсе,
II орын Қасқабұлақ ауылының еншісіне бұйырды,
III орынды Қасқабұлақ орта мектебі жеңіп алды.
Қатысушылар өздерінің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетіп, спорт арқылы достықты одан әрі нығайта түсті. Осындай игі шаралар ел бірлігін арттырып, қоғамдағы татулық пен келісімді бекемдей түсетіні сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1201007?lang=kk

Жауап қалдыру